«Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-де облыстық «Өнегелі өмір» жобасы жоспарына сай 2021 жылдың 8 сәуірі күні «Қоғамға ынтымақтастық пен келісім әкелуші тұлға» тақырыбында "Халықаралық Медиация орталығының"- Жезқазған аймағы бойынша бас медиаторы, 2017 жылы Қарағанды облысы бойынша " Ең үздік медиатор", 2019 жылы Медиация саласының ең үздік медиаторы, "Медиация жұлдызы -2020", ІІ-ші дәрежелі кәсіби медиатор Есмурзина Жұлдыз Ахметжановнамен онлайн кездесу өтті. Бұл кездесуге мектебіміздің ұстаздары,7-11 сынып оқушылары, қала мектептерінің оқушылары қатысты. Сұхбат барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сұрақтарына шынайы және нақты жауап алды. Мамандық таңдау бойынша кеңестер айтылды. Қонағымыздан өнегеге толы кеңестер алынды.
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/474-o-am-a-yntyma-tasty-pen-kelisim-kelushi-t-l-a.html#sigFreeId5c96d3c4cf









