"Кеңгір селосының №2 ЖББМ" КММ - те 2022 - 2023 оқу жылында 1 - 4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Жергілікті бюджет қаражаты шеңберінде 52 оқушы, жалгер есебінен 18 оқушы тамақтанады. Оқушылардың дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сол себепті: тамақтың сапасы мен санитарлық талапқа сай болуы, күнделікті мектеп әкімшілігі тарапынан бақылануда!


Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру

        Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен бюджет қаражаты шеңберінде «Кеңгір селосының №2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап 1 сыныптар, 3 ақпаннан бастап 2 сыныптардың оқушылары мен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын тамақтандыру мақсатында асхана жұмысын бастады.
      Мектебіміздің асханасынан оқушылардың ыстық тамақпен тамақтануы және қазіргі таңдағы эпидемиялогиялық жағдайларға байланысты санитарлық талаптардың сақталуы туралы мектеп директоры М.С. Абеева ата — аналарға ақпараттық — түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп асханасында санитарлық талаптар толық сақталған.