«Кеңгір селосының №2 ЖББМ»КММ ерекше қажеттілікті талап ететін оқушыларға психологиялық көмек.
Мақсаты: психологиялық-педагогикалық қолдау, оқушылардың жеке тұлғалық және әлеуметтік бейімделуіне көмектесу.
Міндеттері:
— Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды анықтау;
— Баланың мүмкіндігі мен қажеттілігіне сәйкес психологиялық тұжырымдама негізінде жекеше және топтық түзете дамыту жұмыстарын жүзеге асыру;
— Педагогтар мен ата-аналардың психологиялық мәдениетін қалыптастыру;
— Инклюзивті білім беру бағыты бойынша ақпараттық-әдістемелік кешенің дамыту.
2020-2021 оқу жылының қараша айынан бастап жоспар бойынша диагностикалық бағыт бойынша ДМШ оқушылардың таным процестерін зерттеу жұмысы жүргізілді. (онлайн және офлайн түрде)

Ұсыныс: Осылайша, зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып, біз ойлау процестерін, көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауды дамытуға бағытталған жеке түзету-дамыту жұмыстарын, сондай-ақ назар аударуды жүргізу қажеттілігі туралы айта аламыз.
Педагог-психолог түзету-дамыту бағдарламасын құруда «жұптарға біріктіре және олар бір-біріне неге сәйкес келетінін айтып бер», «дауыстап айт», «қай жерде жатыр?» және т. б. сонымен қатар сынып жетекшілер және мамандарға сабақта белсенді сөздіктің дамуына көңіл бөлу керек.
Алынған зерттеу нәтижесінің негізінде әр оқушыға жеке психологиялық - педагогикалық карта толтырылды. Сонымен қатар, ДМШ оқушылармен түзете-дамыту бағытында «Психологиялық жұмыс дәптері» әр оқушыға дайындалып, қазіргі таңда коррекциялық жұмыс жүргізілуде. Ағартушылық және профилактикалық бағыт бойынша ата-аналармен (онлайн) 3 желтоқсан Халықаралық мүгедектер күніне орай «Мейірім мен махаббат алаңқайы» тақырыбында әлеуметтік педагог, логопед мамандарымен бірлесе конференция өткізілді. Мақсаты: ерекше топтағы балалардың ата-аналарына олардың дамуына кеңестер мен көмек көрсету.
Сонымен қатар,инклюзивті білім беру сыныбында отырған оқушылармен бейімделуге байланысты «Алақай, мен 5 — сыныпта оқимын!» тренинг (офлайн) түрінде психологиялық көмек көрсетілді. Мақсаты: өзінің мүмкіндіктеріне және жетістіктерге ұмтылуға деген дұрыс қатынас қалыптастыру. «Ерекше балаға ерекше күтім» тақырыбында ата-аналарға (онлайн) психологиялық кеңестер беріліп, қолдау көрсетілді. Жоспар бойынша жұмыс жалғасын табады деген ойдамын.
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/o-u-derisi/inklyuzivti-bilim-beru.html#sigFreeId2daca1fd6f
Өткізілген іс шаралардан көріністер.
Педагог-психолог: А.Б.Сарсенбаева
Мектепте инклюзивті білім беру бағдарламасы негізінде 5 сыныпта 7 оқушы білім алады. Даярлық сыныбында сыныпта — 1, 5 «А» сыныбында — 2, 7 «А» сыныбында — 2, 7 «Б» сыныбында — 1, 8 «Б» сыныбында — 1 оқушы білім алады.
5 сыныпта 7 оқушы үйден оқытылады. 2 «А» сыныбында — 1, 2 «Б» сыныбында — 1, 3 «Б» сыныбында — 1, 5 «А» сыныбында — 2, 8 «А» сыныбында — 1, 9 «Б» сыныбында — 1 оқушылар білім алады. Арнайы бағдарламаға сәйкес білім беріледі. Оқушылармен мамандар психолог, логопед, жұмыс жасайды. Пән мұғалімдері жеке оқушыға дайындаған тапсырмаларды пайдаланады. Оқушылар барлық іс-шараларға қатыстырылады.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |













