«Кеңгір селосы №2 ЖББМ» КММ - нің балаларды сапалы тамақпен қамтамасыз ету туралы ақпарат
Қыркүйек айында оқушылардың күнделікті тамақтану жағдайын қадағалау үшін мектепшілік бұйрық пен бракераждық комиссия құрылады. Бракераждық комиссия мүшелері айына екі рет мектеп асханасында тамақтану жағдайын қадағалап, тексеру нәтижесі бойынша уақытылы акт толтырады. Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың құжаттары мемлекттік қызмет көрсету стандарты негізінде жинақталды.
Асхананы жалға алушы кәсіпкер ИП Дюмкулов Ж.С. 2022 - 2023 оқу жылында жалға алып отыр. Кеңгір селосы №2 жалпы білім беретін мектеп асханасында 2 қыркүйектен бастап 1 - 4 сынып оқушылары және 52 аз қамтамасыз етілген отбасы балалары, жалгер есебінен 18 оқушыны тамақтандыру мақсатында асхана жұмысын бастады. Тамақ пісіру, азық түлік сақтау бөлмелері бар. Мектепте жұмыс жасап отырған асхана санитарлық ереже талабына сай. Технологиялық құралдармен, тамақ пісіретін қажетті электр плиталары, ыдыс аяқтар және тоңазытқыштармен қамтылған. Асхананың материалдық - техникалық базасы жақсы деңгейде. Қойма бөлмесі, мұздатқыш жұмыс жасап тұр. Жас өспірімдердің тамағының нәрлілігі мен құрамы талапқа сай болуы үнемі басты назарда. Асханада ас мәзірінің орны белгіленіп, күнделікті берілетін дәруменді тамақтар мен жеміс жидектердің ауысып келіп отырылуын мектеп әкімшілігі басшылықта ұстайды. Тамақ пісіруде йодталған тұз пайдаланылады. Асхананың жұмыс істеуіне қажетті бұйрықтар шығарылып, ыстық тамақ пен қамтылған оқушылар тізімі мен тамақтану кестесі жасақталды. Тамақтың дайындалуын, берілуін, сапасын медицина қызметкері бақылауға алып отырады. Ас мәзірі уақытында ілініп мәзірге сай тамақтар беріледі. Алдын ала тамақ ішетін оқушылардың сабақ кестесіне байланысты, тамақ ішу кестесі құрылды. Оқушылар асханаға кірер алдында гигиенелық талаптарды қатаң орындап, ара қашықтық ережесін сақтай отыра тамақтанды. Асхана жағдайы, тамақтың берілуі гигиеналық санитарлық талапқа сай. Әкімшілік тарапынан үнемі қадағаланып отырады.
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат
2019-2020 оқу жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес жалпы оқумен қамту қорының есебінен оқу жылы бойынша, қазіргі таңда, мектебімізден көп балалы, аз қамтылған, қамқорлықтағы оқушылар санатынан 66 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр. Бұл оқушылар үшін, бір күндік ыстық тамақтың құны қыркүйек айында 326,79 тенгені құрайды. Сонымен қатар, 17 оқушы жалгер есебінен ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.
Сондайақ мектеп асханасындағы азық- түліктердің сапасын және ас мәзірінің дәмдік сапасын бақылауына бракераж комиссия мүшелері құрылған. Бракераж комиссия мүшелері азық-түліктердің сапасын тексеріп қабылдайды және тамақтың сапасын, санитарлық талаптарға сай болуын қадағалайды. Тексеріс барысында анықталғаны асханадағы азық-түліктердің сақталу мерзімін растайтын сертификатары бар. Аспазшы дайындалған тағамның тәуліктік сынамасын алып отырады. Комисия мүшелері тарапынан мектепке жеткізілген азық – түліктердің сапасы тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі тексеріліп, қолданысқа беріліп отырады. Тез бұзылатын тамақ өнімдері ет, сүт, айран және т.б. тағамдарды мектеп асханасындағы сақтау температурасы төмен тоңазытқышта сақтайды. Тоңазытқыштың іші таза санитарлық-гигиеналық талапқа сай, ішінде температураны бақылауға арналған термометр орнатылған. Көкөніс өнімдері асханадағы қойма бөлмесіндегі арнайы жасалған сөрелерде, бөлек қораптарда сақталады.
Мектепте арнайы ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың саны қадағаланып, тіркеу журналына белгіленіп отырады. Асханадағы дайындалатын кунделікті тағам мемлекет тарапынан ыстық тамақпен қамтылған оқушылар санына қарай кунделікті даярланады. Мектеп медбикесі асхананың, санитарлық – гигиеналық талаптарға сай болуын, күнделікті мектеп оқушыларына берілетін ыстық тағамға органалептикалық бағалау жүргізіп, бракераж журналына тіркеп отырады. Асханадағы тамақтанатын залда мектеп басшысымен бекітілген ас мәзірі ілініп тұрады. Онда тағамдардың атауы, әр дайым тағамның шығымы көрсетіледі. Осы ас мәзірі бойынша тағамның дайындалуын, шикі тағамдардың жарамдылығын және тиым салынған тағамдардың дайындалмауын күнделікті қадағалап отырады. Мектеп медбикесі балаларға күнделікті «С» витаминін әр балаға 70 мг мөлшерде беріп, «С-витаминдеу» журналына енгізіп отырады.
Дайындалатын тағамдар меню рецептураларына сәйкес жасалып отырады. Асханада тағамдардың дайындалу тәсілі, тамақтың сапасы, құнарлығын комиссия мүшелері күнделікті қадағалап тексереді. Сондай –ақ ыстық тамақтың талапқа сай дайындалуын қадағалап отырады. Таза су асхананың ішіне орнатылған. Ыдыстар 10 литр көлемдегі 3 арнайы ыдыста жуылып, шайылып кептіріледі. Асханада қайнаған су эмальды ыдыста қолданыста тұрады. Қолданыста жүрген ыдыстар 0,015% хлор ерітіндісімен залалсыздандырылады. Асханада қол жуатын қолжуғыш, сабын,қол сүртетін қолсүлгі үнемі қолданыста тұрады. Асхананың іші таза, жарық, санитарлық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Технологиялық және тазалықты сақтау құралдарымен жабдықталған.
{gallery}left-menu/21/1{/gallery}












