Қарағанды облысының білім басқармасы Жезқазған облысының білім бөлімінің

«Кеңгір селосының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ

  

Кәсіби сынама — мамандық таңдаудың негізі


Облыстық, қалалық жоғары оқу орындары мен орта кәсіптік білім беру ұйымдарының ZOOM платформасы арқылы кездесулер, танысу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде "Қарағанды облысының жоғары оқу орындарына виртуалды саяхат" атты конференцияда "Қарағанды медициналық университеті", "Қарағанды мемлекеттік университеті", "Қарағанды экономикалық университеті" мекемелерімен кездесулер өткізілді. Сондай-ақ, "Қарағанды қазіргі заманғы көпсалалы колледж" мекемесімен оқушылар қашықтықтан танысып, көптеген сұрақтарына жауаптар алды.


"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты "оқу орнымен өткізілген іс-шарадан көрініс


"Жезқазған гуманитарлық колледжі" КМҚҚ- мен кездесу


"Тау-кен металлургиялық колледжі"КММ-мен кездесу сәтінен


«Жезқазған технология және сервис» колледжінде өткен "Үздік кондитер-2021" сайысына 9 «Б» сынып оқушысы Нұрлан Роза қатысып, ІІ Дәрежелі Дипломға ие болды.


Үздік кондитер-аспазшы" конкурсы колледж студенттері мен мектеп оқушылар арасында ұйымдастырылып, 9 "А" сынып оқушысы Айтбай Қымбат 1 орын, Төлеген Айша 3 орын иемденді.


2022 жылдың 30 наурызында Қарағанды облысы білім басқармасының кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу жоспары бойынша Жезқазған қаласының №21 жалпы білім беретін мектебінде «Мамандықтар жәрмеңкесі» ашылып, «Кеңгір селосының №2 жалпы білім беретін мектебінің директоры М.С.Абеева, мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері 9-10 сынып оқушылары мен ата-аналарымен №21 жалпы білім беретін мектебінде өткізілген «Мамандықтар жәрмеңкесіне» саяхат жасап, мамандықтар жайлы көптеген мағлұматтар алды.


«Кеңгір селосының №2 ЖОББМ» КММ-сінде кәсіптік бағдар беру 

бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат

 

Қаңтар, ақпан 2021 жыл

 

9 сыныптармен кәсіптік бағдар беру бойынша алынған зерттеу

 

«Дифференцалды диагностикалық сауалнама» (Е.А.Климов) бойынша анықтамасы

 

        ДДС әдістемесі маамндық таңдауға байланысты ең тиімді әдістемелердің бірі.
Нұсқау: 
Кәсіби бағыттылықты анықтау үшін еңбек түрлерін таңдауға мүмкіндік беретін 20 түрлі бекіту сұрақтары беріледі. Сұрақтардың әр қайсысына міндетті түрде жауап беріп, екі мүмкіндіктің біреуін таңдау қажет. (“а” немесе “б”) қаласаңыз “+” , қаламасаңыз “-” таңбасымен белгілеңіз

 

Өткізілген уақыты: 11.01.2021ж

 

Қатысқан бала саны: 37 оқушы

 

Сынып : 9 «А», 9 «Б».

Сынып Адам-табиғат Адам -техника Адам-адам Адам-белгілі жүйе Адам-көркем бейне
9 «А» 4 1 6 3 4
9 «Б» 1 3 8 3 4
Барлығы 5 4 14 6 8

«Адам — табиғат»

Кәсіптер: Тұқым өсіруші, зоотехник, агроном, кинолог, химикобактериологиялық зертханашы, мал өсіруші шебері және т.б.

«Адам — техника»

Бұл жерде негізгі, жетекші еңбек құралы — техникалық объектілер (машиналар, механизмдер), материалдар, қуат түрлері.

«Адам — адам»

Бұл жерде негізгі, жетекші еңбек құралы- адамдар болып табылады.

«Адам–белгілік жүйелер»

Бұл жерде негізгі, жетекші еңбек құралы– шартты белгілер, сандар, кодтар.

«Адам- шығармашылық бейне»

Бұл жерде негізгі, жетекші еңбек құралы – шығармашылық бейне, оны құру әдістері. Кәсіптер: әртіс, суретші, музыкант, дизайнер, тас қашаушы, әдеби қызметкер.

Мен таңдаған мамандық тренинг

Қатысқан оқушылар:37

Сынып: 9

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, классификасиясы белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.

Міндеттері:

— кәсіптік мамандық таңдаудың негізгі типтері мен факторлары туалы түсінік беру,

— кәсіптік мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын анықтау

— кәсіптік бағдар беру.

Тренинг ережелері:

  1. Сыйластық
  2. Тыңдай білу
  3. Белсенділік таныту
  4. Төзімділік
  5. Түсіністік қарым – қатынас

Көрнекілік: интерактивтік тақта, әдістеменің жауап парақтары, жағымды әуен, карточкалар

  1. Кіріспе сөз: Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез – келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін – өзі дамыта алу үшін білі м алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.

Біздің мақсатымыз – оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндылықтар туралы танымдылығын психологиялық – педагогикалық көмек көрсету.

      2.«Кел танысайық» жаттығуы:

  • Өз атынды және фамилиянды ата.
  • Сен өзіне болашақ мамандығынды таңдадын ба?
  • Сен болашақтағы мамандығына сенімсіздікпен қарайсын ба?
  1. «Ойлан және жауап бер»

Қалай ойлайсындар, кәсіптік мамандық таңдағанда не бөгет болып табылады?

Әр адам өзіне мамандық таңдағанда ыңғайлы жағдайына, оның қоғамда қаншалықты қажет екеніне көңіл аударады. Балалар, сендердің ойларынша кәсіптік мамандық таңдағанда не маңызды болып табылады?

Біз сендермен кәсіптік мамандық таңдағанда ең маңызды болып табылатын шарттарды таңдап көрейік.

  1. Ақша: мамандық материалдық жағынан жақсы болу керек.
  2. Өзін таңдаған мамандықты жақсы көру.
  3. Абырой: аула тазалаушы болғаннан гөрі хирург болған жақсы.
  4. Диплом: алдымен диплом алсам болды, профессия артынан табылады.

Осы көз қарастарды ұстанған оқушылар, таңдаған көзқарастары бойынша топтарға бөлініп отырып, өз таңдауларын қорғау қажет.

  1. Видео ролик үзіндісі. Видеороликті талқылау:Қайсы кейіпкердің пікірімен толық келісесіндер? Қайсысының көзқарасы сендерге күмән келтіруде, неліктен?

«Дифференцалды диагностикалық сауалнама»
(Е.А.Климов) бойынша
ДДС әдістемесі маамндық таңдауға байланысты ең тиімді әдістемелердің бірі.
Нұсқау: 
Кәсіби бағыттылықты анықтау үшін еңбек түрлерін таңдауға мүмкіндік беретін 20 түрлі бекіту сұрақтары беріледі. Сұрақтардың әр қайсысына міндетті түрде жауап беріп, екі мүмкіндіктің біреуін таңдау қажет.
(“а” немесе “б”) қаласаңыз “+” , қаламасаңыз “-” таңбасымен белгілеңіз

Жаттығу «Жаңа мамандықтар»

Оқушылар сол бөлінген топтарында отыра береді. Жүргізуші жаңа мамандықтар атауы жазылған 2 карточканы таңдап алуды ұсынады. Ол карточкада ол мамандықтар туралы түсініктеме берілмеген. Оқушылардың негізгі мақсаты алған мамандық атауына өмірлік тәжірибелеріне және де сол манадықтың атауына мән бере отырып сипаттама беріп көру. Әр бір мамандықтың атауына оқушылар өз түсініктемелерін бергенен кейін, нақты жауабын жүргізіші слайд арқылы сол мамандық туралы толық түсініктеме, сипаттамасын береді.

  • Ассистент (англ. — assistant) – белгілі бір фирма басшысының барлық қызметтеріне жекелей көмегін көрсетіп, ұйымдастырып отыратын қызметкер.
  • Дистрибьютор (англ. – distribute — распределять) – белгілі бір фирманың өнімдерін тікелей сату мен оларды насихаттау жұмысымен айналысатын қызметкер. Сол фирманың келісім шарты бойынша жұмыс атқарады.
  • Координатор– белгілі бір жұмыс орынында басқада фирмалармен өз ара жұмыс барысын жүйелі жүргізіп отыруға тапсырыстардың орындалуын қадағалап отыратын маман. Және де кіріс шығысты есебін жасаушы.
  • Логистик– от “логистика” – кеден транспорттарының мендежері. Яғни жүк тасмалдау жұмыстарын ұйымдастырушы, жүк тасмалдаушылармен және жүк жіберуші арасындағы жүк қабылдауларды бақылайды.
  • Копирайтер– Белгілі бір фирманың тапсырмасы бойынша жарнама шығарушы адам. Ол жарнама аясында жарнамалық мәтіндер, пресс – релиздер т.б. жасайды. Бұндай қызметтегі адамдарға жоғары шығармашылық қабілет және ойлау мен тілдерді жетік меңгерулері қажет.
  • Мерчандайзер– жекелей тауарлардың сатылуына тікелей жауап беретін маман. Сол өнімдердің бағаларымен жарнамалануына сонымен қоса дүкендердің сөресінде тауарлардың орналастырылуын бақылаушы.
  • Супервайзер(англ.- supervisor – бақылаушы және қадағалаушы) – өнімдердің таралу бағыттарын беруші және де сол өнімдердің сатылуын бақылап, қадағалап отыратын маман.

Медиатор (сотқа дейінгі арақатынасты шешуші.) – белгілі бір мәселеге байланысты түсінбеушіліктер туындаған жағдайда сотқа дейін бұл келіспеушіліктің себеп салдарын анықтап беретін маман.

Әдістеме «Қол- мидың жалғасы»

Сан алуан мамандық бар. Ал біздің табиғи бейімділігімізге үнілейік. Алақан бойынша мамандық саласын анықтауға да болады. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақанымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың ортасын О нүктесімен белгілеп, осы нүктеден әр саусаққа түзу сызықтар жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп шығыңыздар.

Қорытынды.

  1. Егер сіздің алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз- басқарушысы.
  2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.
  3. Ортан қол сызығы ұзынырақ болса- сіз тарих, әдебиет саясаткер болуға бейімсіз
  4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.
  5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса сіз- мұғалім, тәрбиеші, дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты » жүргізіген үгіттеу жұмыстарынан көріністер:

Желтоқсан, 2021ж

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019- жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес «Кеңгір селосы №2 ЖОББМ» КММ-сінде мектеп психологы 2020-2021 оқу жылына бекітілген «Кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспары» жүзеге асуда. 2020 жылдың қараша айында Голланд әдісі бойынша «Кәсіпті таңдау тесті» алынды. 10-11 сынып арасында барлығы 21 оқушы, оның ішінде: Әлеуметтік тип- 12, Реалистік тип- 6, Артистік тип-2, Тапқыр тип-1 көрсеткіш көрсетті. Сауалнама қашықтықтан алынып, оқушыларға ұсыныстар берілді.

 

      Сонымен қатар, облыстық, қалалық жоғары оқу орындары мен орта кәсіптік білім беру ұйымдарының ZOOM платформасы арқылы кездесулер, танысу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде «Қарағанды облысының жоғары оқу орындарына виртуалды саяхат» атты конференцияда «Қарағанды медициналық университеті», «Қарағанды мемлекеттік университеті», «Қарағанды экономикалық университеті» мекемелерімен кездесулер өткізілді. Сондай-ақ, «Қарағанды қазіргі заманғы көпсалалы колледж» мекемесімен оқушылар қашықтықтан танысып, көптеген сұрақтарына жауаптар алды.

 

      Жезқазған қаласының «Технология және сервис колледжі» мамандарымен қашықтықтан қыз балаға сай мамандықтар мен ер балаға сай мамандықтарды бөліп таныстыру жұмыстарын жүргізді.

 

     «Экономика және құқық апталығы» тақырыбында өткен Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті 3 күндік «Погружение в профессию» атты кездесулерге мектеп оқушылары және ата-аналары қатысып көп мәліметтер алды.

 

     «Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті» мекемесінің жүйелі жұмыс жүргізу мақсаты таныстырылып, мәліметтер буклеттері оқушыларға таратылды.

 

      Мектеп оқушылары барлық кездесуде қызығушылық танытып өз мамандықтарын таңдай алуға көптеген мәліметтер ала алды.