«Кеңгір селосының №2 ЖОББМ» КММ-нде 2019-2020 оқу жылында өткізілген тәрбиелік іс-шаралардың есебі

 

      Жыл басынан мектептің тәрбие жұмысы ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері басшылыққа алынып, Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығының құрастырған және бекіткен тәрбие сағаттары жоспарына  сәйкес тәрбиенің келесі бағыттары бойынша  атқарылды:

  1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
  2. Рухани-адамгершілік тәрбие
  3. Ұлттық тәрбие
  4. Отбасы тәрбиесі
  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
  6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
  7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

     Жаңа оқу жылы 1-қыркүйек-Білім күнімен басталды. «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мемлекеттік Гимн орындау дүйсенбі сайын 1,2 –ші ауысымда  өз уақытында жүргізілді.

     Қыркүйек айында «Отбасы- бақыт мекені» тақырыбында біріңғай ата аналармен тәрбие сағаттары, «Менің отбасым» тақырыбында сурет көрмесі, «Отбасы бақыт мекені » шығарма жазу байқауы, «Отбасым менің қуатым» флэшмоб өткізілді

Қыркүйек айында дені сау өскелең ұрпақ тәрбиелеу мақсатында мектебімізде 7 қыркүйек Денсаулық күні аясында барлық спорт түрінен әр-түрлі  іс-шаралар ұйымдастырды.

Мақсаты: Отбасы тәлім- тәрбиенің негізі екенін ұғындыру, ата-аналар ынтымақтастығын күшейту.Мектеп пен ата-ананың байланысын арттырып, балаға тәрбие беріп,өз ойларын айтуға үйрету, жауап беру қабілеттерін дамыту

   «Назар аударыңыз,балалар!» атты республикалық жедел алдын алу іс-шаралары бойынша «Абайла,жаяу жүргінші!» сынып сағаты-1-4 сыныптармен, «Мектепке барар қауіпсіз жол!» сурет сайысы -5-6 сыныптармен; «Жол таңбаларының белгіленуі» жол полициясы қызметкерлерімен кездесу-1-11 сыныптармен; «Бағдаршам – сенімді серігің» сынып сағаттары -шағын орталық, «Айгөлек» «Балауса» топтарымен ; «Жол тәртібін жадыңда ұста» үгіт насихат жұмыстары  -7-9 сыныптармен жүргізілді.       

    Мектебімізде 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында «Эко сағат» ауқымды акциясы аясында табиғатты қорғау, экологиялық негізін қалыптастыру мақсатында  флэшмоб,экологиялық таным сабақтары, «Жарамсыз қалдыққа екінші өмір сыйла» атты тақырыпта фото-көрме ұйымдастырылды.Сондай-ақ

«Эко сағат» ауқымды акциясы аясында мектеп ауласына көшеттер отырғызылды.

   1-қазан Қарттар қарттар күні қарсаңында оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын құрметтеуге және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында мектеп оқушылары  еңбек ардагерлерінің үйіне барып,өздерінің ән-күйлерін ақ тілектерін тарту етті. Мектеп Жас Ұлан ұйымының белсенділерімен Жезқазған қаласындағы қарттар үйіне барып мерекелік концерт ұйымдастырды.

  2019 жылдық 4 қазан күні «Ұстаздық еткен жалықпас ,үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай ,ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Осыған орай мектебімізде  «Ұстаз аты- биік ,әрі мәңгілік » атты  мерекелік іс-шара өткізілді.

      2019 жылдың 4-14 қазан аралығында Жезқазған қаласының барлық білім мекемелерінде БҰҰ Бас Ассамблясымен қыздардың құқықтарын және бүкіл әлемде олардың тап болатын мәселелердің ерекшеліктерін мойындау белгісі ретінде жарияланған Халықаралық қыздар күніне арналған Республикалық «Қыз болашағы-ел болашағы» декадасы   өткізілді. Онкүндіктің мақсаты – қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру. Қыздар мен әйелдердің құқықтарын бұзу үшін жағдайлар жасайтын стереотиптерді жеңу, ерте және мәжбүрлі некелерді теріс құбылыс ретінде айыптайтын қоғамдық пікір қалыптастыру. Онкүндік барысында  жоспар  бойынша этностардың мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктеріне байланысты қыздардың дамуы мен денсаулығына зиян келтіретін салт-дәстүрлерді жеңу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп «Қыз болашағы-ел болашағы» атты тақырыпта  – қыздардың құқықтары туралы денсаулық сақтау өкілдерімен  кездесулер,мектеп медбикелерімен дөңгелек үстел,  тренингтер, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциялары, қыздар арасында флеш-моб, тәрбие сағаттары  өткізілді.  «Алтын күз» тақырыбында мектепте тәрбие сағаттары, қабырға газеттерінен көрме және 1-4 орыс сыныптарының қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.

    Жыл басынан мектепте 8 үйірме : «Хор «Балдәурен»,»Шалқыма», «Веселые нотки» Жетекшісі:Жолдыбаева Д.Р; «Умелые руки»,«Скульптура», Жетекшісі: Саулембеков Ж.М; «Вязание»  Жетекшісі: Сыздықова Ғ.С; «Жас қалам» Жетекшісі: Қоғамова М,М Жалпы үйірмемен қамтылған бала саны-156. Сонымен қатар 4 спорт секциясы жұмыс істейді.Қамтылған бала саны-148.

    1 тамыз -30 қыркүйек аралығында өтетін «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы  аясында мектебіміздің аз қамтылған 10 оқушысына «Ютария» ЛТД  корпорациясы және «Ұлы Дала» гипермаркетінің директоры 30 мың теңгеден ақшалай көмек және 15 оқушыға «Халық банкі», «Қамқоршылық» Кеңесі,жеке кәсіпкер есебінен,мектеп мұғалімдерінен көмек киім-кешек,оқу құралдарынан көмек көрсетілді.   Тұрмыстық жағдайына байланысты 66 оқушыға кесім толтырылды. Мектеп психологтары 0,5,10 сыныптарының бейімделуіне байланысты тренингтер өткізді.Сынып жетекшілері 1-11 сыныптармен «Жалпы құқықтық білім беру», 1-8 сыныптармен «Көшеде жүру ережесі» бағдарламалары негізіне лекциялар жүргізді. Апта сайын сыныптарға мектеп инспекторы, мектеп әкімшілігі рейдтер жүргізіліп, кездескен кемшіліктер уақытында жойылып отырылды. Мектептегі «Сенім жәшігіне» жыл басынан 1 шағым түсіп,(оқушылардың бірін-бірі ренжіту мәселелері) уақытында қаралып алдын алу шаралары жүргізілді. Мектеп бойынша 1 оқушы мектепішілік тіркеуде (Рахым Еламан 9 «А» сынып оушысы) Қалалық Ювеналдық полиция есебіне мектептен оқушы тіркелген жоқ. Мектеп бойынша қыркүйек айында тәрбие бөлімінің бұйрықтары шығарылып,таныстырылды.

    2019-2020жылдың ІІ тоқсанның    қараша  айында    Жезқазған қаласында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастырылумен  №21 ЖОББМ –де «Алау ту ұстаушылар» сайысы өткізілді. Сайысқа мектептегі ту ұстаушылар мен Жас Ұлан ұйымының белсенділері қатысып, Алғыс хатқа ие болды.

    ҚР Президенті күніне арналған «Елбасы-кемеңгер көшбасшы» атты сынып сағаттары, «Көшбасшы өмір баяны-ел тарихында» тақырыбында ауыл  кітапханасына саяхат, «Менің елім-менің тағдырым», «Моя судьба-моя страна» атты презентациялар өткізілді. « Тәуелсіздік –тәңірдің берген сыйы» атты салтанатты жиында мектебіміздің  5 сынып  оқушылары «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымының қатарына  қабылданды.«Тәуелсіздік -ел тірегі» тақырыбында 2-7 сынып арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды            «Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігіне -28 жыл!», «Ел аңсаған Тәуелсіздік!» тақырыптарында тәрбие сағаттары,  4-5,7 сынып оқушыларының қатысуымен  «Рухы жоғары  халықтың тарихы жоғары»  тақырыбында  әдеби –музыкалық  кеш өткізілді. Ұйымдастырған:Бөлегенова Ақшабақ Тыныштықовна.  Сонымен қатар«Тәуелсіздігім-мақтанышым!» тақырыбында мәнерлеп оқу, жыр үзінділерін жатқа айтудан сайыс өтті.16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай  Жезқазған қаласындағы «Нұр Отан» партиясы ғимаратында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында дәстүрлі түрде «Нұрлы ел жастары- Жас Ұлан» атты Республикалық «Жас Ұлан»  балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау іс-шарасы өткізіліп, 5 сыныптардан 5 оқушы  қабылданды.

 

   Мектеп бойынша 6 оқушы Жезқазған қаласы Әкімінің шыршасына қатыстырылды.Мектептің жаңа жылдық ертеңгіліктері өз мәнінде ұйымдастырылып, кесте бойынша  өткізілді. Мектеп директорының шыршасында барлығы 66 оқушы Жаңа жылдық  дастарқанға шақырылып,мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар дарынды оқушылар қатарынан 14 оқушыға тәтті сыйлықтар берілді.

  1. Мектеп бойынша хиджаб немесе діни атрибутиканы ұстанатын оқушы жоқ.
  2. Мектеп бойынша исламның дәстүрлі емес ағымдарына тартылған отбасылары анықталмаған.

3.Мектеп кітапханасы қорында рұқсат етілмейтін діни танымдық әдебиеттер тіркелмеген.

  1. Мектеп бойынша христиан емес ағымдарына тартылған отбасыларының балаларының саны - 4 оқушы

    2-11 сыныптар арасында 6 қараша күні  біріңғай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты»өткізілді. Сонымен қатар  қалалық оқу бөлімінен келген хатқа сәйкес  сыбайлас  жемқорлықтың алдын алуға байланысты оқушылар мен ата-аналардың арасында сауалнамалар алынды.Мектепте «Адалдық алаңы» , «Парасаттылық бұрышы» ұйымдастырылды.

      20 желтоқсан - Дүниежүзілік  балалар күніне арналған біріңғай  «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында  тәрбие сағаты ұйымдастырылып, видеороликтер көрсетілді.«Дін және дәстүр», «Терроризм –ғасыр қаупі», «Дін және қоғам» тақырыптарында Жезқазған қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі жанындағы конфессияаралық қатынастың  мәселелерін зерттеу және сараптау орталығының мамандарымен 8-11 сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

     Салауатты өмір салтын насихаттау негізінде мектептің 8-11сынып  оқушылары  арасында темекінің адам ағзасына зияндығы туралы айтылып, СНЮС табак өнімі туралы толық ақапрарат берілді. Мектеп медбибісі оқушыларға  «СНЮС деген не?», «Темекінің адам ағзасына келтіретін зияны»  тақырыптарында 9-11 сынып оқушыларына рефераттар  жаздырып,әңгіме жүргізді.

    Жыл бойы  жоспар бойынша 5-11 сынып оқушылар арасында волейболдан, баскетболдан мектепішілік біріншіліктер өткізілді

   Мектебімізден  Қапшағай  қаласындағы  «Балдәурен»  Республикалық оқыту-сауықтыру  орталығына 8 «Б» сынып оқушысы  Әшірбек Төлеген 2 апта болып оқып, демалып қайтты.

   Мектеп бойынша себепсіз сабаққа келмей отырған оқушы анықталмаған.

   2019-2020 оқу жылының  ІІІ тоқсанында тәрбие жұмысы бекітілген жоспар бойынша  жүргізілді.     

   Қаңтар айында интернет  белсенділігін бақылауға  қатысты оқушылар  арасында «Мен OFFLINE» атты  акция жүргізілді. 1-4 сынып  оқушылар  арасында «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» тақырыбында   сурет байқауы өткізілді. Байқауға 32 оқушы қатысты. Сайысқа бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылардың суреттері мектептің фойесіне қабырғаға ілінді.5-11 сынып оқушыларына арналған «Мен OFFLINE»  эссе байқауы өткізілді. Эссеге   57 оқушы қатысты.  Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Еліміздің болашағы- Жас ұрпақ санасында интернет әлемі- ғаламтор желісі арқылы толық ақпаратты қалыптастыра отырып,  оқушыларды интернет желісімен байланысты орын алатын әртүрлі қатерлі жағдайлардан қорғау мақсатында өткізіліп отырған  Халықаралық интернетсіз күнге арналған «Мен offline»  атты акцияға мектеп  оқушылары бір кісідей ат салысты.Қатысқаны 148 оқушы.

    Ақпан айында  Ауған жерінен Кеңес әскерін шығарылғанына 31 жыл толуына орай  Ауған соғысының ардагерлері Т.Әбілқасенов, А.Аманов, Д.Ә.Әлібековпен    кездесу өткізілді.Кездесуге  Жезқазған қаласы  Қорғаныс іәстері басқармасының аға сержанты Керейбаева Ақмарал Алимхановна мен бас маман Б.Муканова  қатысты.

    Наурыз айында  1 наурыз- Алғыс айту күніне арналған жоспар құрылып  бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. 1-11 сыныптарымен «Алғыс айтуға-шек жоқ» сынып  сағаттары жүргізіліп, мектеп фоесінде «Алғыс айту марафоны» арт-акция   (Ашық хаттар, яғни открыткалар) көрмесі ұйымдастырылды.Қатысқаны 93 оқушы. 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне 1-11 сыныптар арасында«Ана – өмірдің шуағы»  тақырыбында қабырға газеттері, ашық хаттар (открытка)  көрмесі ұйымдастырылды. 1-4 сыныптар арасында «Ана бақыты – бала бақыты» атты мерекелік концерт, 5-7 сыныптармен «Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым», «Қыз – әдебімен көрікті», 5-9 орыс сыныптармен «В жизни каждого важна и нужна мама...», атты тәрбие сағаттары,1-4 орыс сыныптарымен  «Мамы и дочки» конкурсы, 8 «А», 8 «Б» сыныптарымен  «Аналарға  сыйлық» атты шеберлік класы   өткізілді. «Жан жылуын, Ана Сізден табар ем»  атты ардагер ұстаздар  мен мектеп ұжымына  арналған мерекелік концерт үйымдастырылды. Қатысқаны 352 оқушы. Дүниежүзілік туберкулезге қарсы  күрес  күніне  орай «Өзіңді туберкулезден  қорға!» тақырыбында іс-шаралар өтті.  «Өзіңді туберкулезден қорға!» тақырыбында  мектеп медбибісі мен  сынып жетекшілері  5-7 сыныптар арасында әңгіме жүргізді.Иммунитетті арттыру  және  туберкулез ауруының алдын алу  мақсатында 8-11 сынып  оқушылары  «Туберкулезден сақтана біл» тақырыбында  диктант  жазып, 5-7 сынып оқушыларынан  анкета алынды. Қатысқаны 187 оқушы.Салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене белсенділігін насихаттау мақсатында 9-11 сынып оқушылары арасында  волейболдан жарыс өтті.Қатысқаны 52 оқушы.

    Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында  өткізілген қалалық мектеп лигасы бойынша  волейболдан 5-6 сыныптарынан құралған  ұлдар мен қыздар  командалары 2-орын;7-8 сынып ұлдар командасы 1 орынға ие болды.

  ІІІ тоқсанда мектеп бойынша сынып ата-аналар Кеңесінің төрайымдары мен мүшелерімен мектеп директорының қатысуымен жиналыс өткізілді.Жиналысқа 28 ата –ана мен 25  мұғалім  қатысты.

    2019-2020 оқу жылдың  IV тоқсанында мектеп оқушылары  еліміздегі орын алып отырған пандемия уақытында қашықтықтан оқыту жағдайында Жезқазған қаласы мектептері арасында ұйымдастырылған онлайн, қашықтықтан өткізілген эстафета, челлендж, бейнероликтер конкурстары мен байқауларына 1-11 сыныптарының жетекшілері «Абай және заманауи қоғам» дискуссия алаңы, «Асыл сөздің арнасы, Абай» әдеби-музыкалық  эстафета; «Жезқазғандықтардың майдандағы ерлік жолы» конкурс эссе(сбор материала, оформление архивных данных); « Никто не забыт! Ничто не забыто!» открытка ветерану; «Әл-Фарабидің рухани мұрасы» әдеби  эстафета; «Изучаем ПДД дистанционно» единый онлайн-час; «Әл-Фарабидің  мұрасының өзектілігі-өркениетте» философиялық трактаты бойынша бейнебаян конкурсы; «Денсаулығы ғаламның-денсаулығы адамның»«Біз біргеміз» акциясы аясында эстафета; «Үйде бол! Будь дома!» конкурс видеороликов; «Бәріміз бірге бір елміз» Достық фестивалі; «Мен өз елімнің патриотымын» конкурс видеороликов; Онлайн –конкурс исследовательских работ «Сохраним планету» ; «Отбасы – алтын бесігім» презентация совместной деятельности членов семьи; «Мен жанұяммен мақтанамын»  бейнемонолог конкурсы; «Если дружба велика, значит Родина сильна» поздравительная акция; «Подросток и правонарушение» онлайн викторина; «Мы -молодые, мы духом сильны, мы выбираем здоровье страны!» флешмоб; «Жизнь заключается в движении» онлайн викторина по ЗОЖ атты іс шараларға қатыстырып отырды. Сонымен қатар 25 мамыр «Соңғы қоңырау»  онлайн жиыны аясында «Мектеп-білім-ордасы»,«Ұстаздарға мың алғыс!»,«Сәт сапар, жас түлек!» бейнероликтері жасалды. 2020 жылдың 18 мамырында  Ұлы Абайдың 175 жылдығы мерейтойына орай  «Адалдықты мұра еткен, Ұлы Абай» тақырыбында республикалық онлайн  форматта  өткен Адалдық сағатына 1-11 сынып оқушылары, «Қуғын-сүргін құрбандары-Алаш жұртының зиялылары» атты бейне-челленджге 11 сынып оқушылары  қатыстырылды.