Білім мекемесінде құрылған шығармашылық топ негізінде ата-аналармен жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Ата-аналар жиналысында ата-ана комитетінің есебі беріліп, жүргізілген жұмыстарды бағалап, қорытындылап келесі тоқсанға жоспар жасалынады. Мектеп, Ата-ана, Оқушы үштілігінің бірлескен жұмысы мектеп мерейін асқататуда. Мектеп өміріне байланысты барлық іс-шараларға ата-аналар жүйелі қатыстырылады. Арнайы жоспар барысында «Аталар», «Әжелер» мектебі өз жұмыстарын тоқсан сайын қорытындылап, нәтижесін шығарып отырады. Ата-аналар қауымдастығы «Мектепке жол», «Қайырымдылық» акцияларында белсенділік танытады. Ата-аналар Кеңесі оқушылардың денсаулығын, тазалығының тексерілуін қадағалап отырады. Мектеп «Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін тарату мақсатында «Ата-анамның жұмысындағы 1 күн» әлеуметтік жобасымен жұмыс жүргізді. Сәуір айында Мектепте «Отбасы –рухани жаңғыру негізі»  тақырыбындағы  ашық есік  күні өтті.