Қарағанды облысы білім басқармасы Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Кеңгір селосының №2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ынтымақтастық пен жетістіктер және шексіз мүмкіндіктер мекені. Біздің мектеп білім алуға қолайлы, әрі қауіпсіз орда. Мектеп ішінде көптеген үйірмелер мен секциялар бар. Мектеп жанында жайлы асхана, барлық мүлікпен жабдықталған спортзал, заманауи медбике кабинеті, шеберханалар ұлдар үшін және қыздар үшін, жаңа заман талабына сай работотехника кабинеті, гидрапоника кабинеті бар. Мектеп қабырғасында тек қана өте шығармашыл ұжым жинақталған. Олар күнделікті жұмыста білім берудің жаңа технологиялары мен әдіс — тәсілдерін еркін  әрі ұтымды пайдалана алады. Біздің мектептің басты сипаты: күн сайын қарқынды дамып, заман талабына сай жаңарып, білім берудің деңгейлерін меңгеріп, биік жетістіктерге жету. Әр оқушыға өз мүмкіндіктерін таланттарын және қабілетін ашуға барлық жағдай жасалған. Ол үшін біздің мектеп, оқу жұмысының әр түрлі формасын ұсынады. Біз өз оқушыларымыздың жеке тұлға болып қалыптасуына және олардың бойында қадір — қасиеті мол болуына, сонымен қатар өздеріне сенімді, өздерін және басқа адамдарды құрметтей алатын тұлға болып қалыптасуына ат салысудамыз. Біз өз мектебімізбен және өз оқушыларымызбен мақтана аламыз.