«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының І жартжылдық бойынша атқарған жұмысы
2020-2021 оқу жылы
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осындай міндеттерді негізге ала отырып, «Кеңгір селосының №2 ЖОББМ» КММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы 5-11 сынып оқушылары арасынан 15 оқушыдан тұратын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі А.Н.Салыбай оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және мәіндеттеріне құрметті, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында клуб мүшелерінің ұйытқы болуымен «Парасатты азамат» бұрышы жасалып, онда құнды ақпараттар жинақталды. Сонымен қатар мектептің і-ші қабатында «Адалдық» дүкені ұйымдастырылды.
1 қыркүйекте Республикалық «Адалдық сағаты» аясында біріңғай сынып сағаттары өткізілді. Оқушылардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екені айтылып өтті. «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» сынды тақырыптарда әңгіме қозғады. Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарына сәйкес «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыпта 5-11 сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен қашықтықтан сынып сағаттары өтілді. Сынып сағаты барысында құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа,төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі көрсетілді. Ата-аналарға балаларда құқықты, заңдарды, құқылық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу бойынша жадынамалар таратылды. Аталмыш тақырып бойынша сынып жетекшілері бейне-фильмдер мен «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» тақырыптарында ақпараттар беріп, «Адал Ұрпақ» клуб жетекшісі А.Н.Салыбай баяндама оқыды.Ата-аналар бір ауыздан жемқорлыққа қарсы екендерін білдіріп,өз балаларын адал етіп,өз елін,жерін сүйетін патриот болуларына тәрбиелейтіндіктері туралы айтты. Мектепте кезекші сыныптар оқушыларының арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!»тақырыбында сурет көрмесі өтілді. Көрменің мақсаты оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті – құқықтық сананы қалыптастыру болды. Көрмеге 2-5 сынып оқушыларының суреттері қойылды.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі А.Н.Салыбай ұйымдастыруымен желтоқсан айында «Қоғамда тәртіп негіздері» тақырыбында ZOOM «Жас Ұлан» ұйымы белсенділерінің қатысуымен пікірталас өткізілді. Пікірталас барысында оқушыларға өз ойларын еркін жеткізу, айту ұсынылды. І-ші жартыжылдықта мектеп оқушылары Республикалық онлайн форматта өткен барлық Адалдық сағаттарына қатысты.
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/sybajlas-zhem-orly/adal-rpa.html#sigFreeId97d52f907b









