Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім

бөлімінің  «Кеңгір селосының № 2 ЖББМ» КММ

Директор

Абеева Марал Сламбековна

Ашылған жылы

1976 ж.

Ғимараттың сыйымдылығы

390 орын

Мектеп ғимаратының жалпы ауданы

2457,4 м2

Контингент

Барлығы — 443 оқушы

1 — 4 сыныптар — 182 оқушы

5 — 9 сыныптар — 191 оқушы

10 — 11 классы – 21 оқушы

Даярлық сыныптар – 49 оқушы

Ауысым

Екі ауысым

Материалдық  база

Оқу кабинеттері- 19

Лабораториялар — 2

Компьютерлік сынып  — 2

Мамандандырылған кабинет — 7

Спортзал — 1

Мәжіліс залы – 1

Асхана- 1

Оқу залы бар кітапхана – 1

Барлық кітап қоры — 17646;

Оқулықтар саны-7721

Әдістемелік кітап-1425

Әдеби кітаптар-3175

 Медициналық кабинет- 1

Ем-шара кабинеті- 1

Психологкабинеті- 1

Әлеуметтік педагог кабинеті  — 1

АӘД кабинеті -1

TEACHER OFFICE-1

Кадрлар құрамы

Жалпы педагогтер саны- 58

Білімі бойынша:

Жоғарғы-52 (88.1%)

Орта арнаулы — 7 (11,9%)

Санаты бойынша: 

Жоғары және бірінші, екінші – 29 (49,1%)

Педагог – модератор – 15 (25,4%)

Педагог — сарапшы – 7 (11,8%)

 Педагог – зерттеуші – 4 (6,7%)

Тамақтану жайлы мәліметтер

Ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі — 394(100%) Соның ішінде тегін тамақпен қамтамасыз етілуі – 64 (16,4 %)

Күрделі жөндеу ісі

2017-2018 жылдары

2018-2019 жылдары

2019-2020 жылдары

Мектеп жайлы мәлімет

Мектептің жұмыс істейтін тақырыбы:

«Көп мәдениетті білім беру жағдайында оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру» 

Мақсаты:

Адами капитал  негізінде, білім мазмұнын жаңартуда   сапалы білім бере  отырып, заманауи қажеттілікті қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті жеке  тұлғаны  қалыптастыру.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мектептің педагогика- психологиялық кеңістігінде баланың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалының дамуына ықпал жасап, мектептің оқу- тәрбие үрдісінде жаңа технологиялар мен әдістерді бейімдеу негізінде жан-жақты ақпараттандырылған  жеке тұлға  тәрбиелеу;

Басты міндеттері:

·      Жеке тұлғаның қабілетін, мүмкіндігін және қызығушылығын ескере отырып толық , сапалы білім алуға жағдай  жасау;

·      Оқушының бойында адамгершілік,Отансүйгіштік, ұлтжандылық, өзін- өзі қадірлей алатын, өзіне талап қоя алатын қасиеттерге және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу;

·      Шығармашылық еңбек ететін мұғалімдермен тәжірибе алмасу үшін шығармашылық топтар, қауымдастық, пән лабораториясын ұйымдастыру;

·      Сабақты зерттеу бойынша Lesson study және іс –әрекетті зерттеу бойынша Action research зерттеу әрекеттері бойынша жұмыстар атқару;

·      Назарбаев Зияткерлік мектебінің іс –тәжірибесін тарату мақсатында әлеуметтік жобалар бойынша жұмыс жасау;

·      Үштілді білім беру бағдарламасы бойынша іс- шаралар ұйымдастыру;

·      Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша іс -шаралар жүйесін ұйымдастыру

·      Көгалдандырылған бау – бақшалық телімді әзірлеу үшін арнайы вариативтік сағаттар жүйесін енгізу (биология, география, технология)

·      Мектептің оқу –тәрбиелік үрдісін дамытуда «Болашаққа бағдар: Туған жер» бағдарламасын негізге алу.

·       Отанға деген сүйіспеншілікке, елжандылық пен азаматтылыққа тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге деген, халықтық салт-дәстүрге деген құрмет көрсетуге үйрету, конституция мен қоғамға қайшы келетін іс-әрекеттерден алыстату, белсенді қоғамдық өмірге өзінің құқықтары мен міндеттеріне саналы қарау қажеттіліктерін қалыптастыру;

·      Бәсекеге қабілетті адамзаттық капиталы бар елге апарар жол, жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына жеткізер жол, өмірдің мүлде басқа сапасына қол жеткізер жол ұлттың рухани-адамгершілік түлеуі арқылы ғана ашылмақ.