Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Кеңгір селосының N2 жалпы білім беретін мектебінде «Қаржы əлемі» атты қаржылық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес «Кездесулер, саяхаттар» тақырыбы аясында 2021 жылдың 24-ші ақпанында «Қаржылық жоспарлау: ақшаны қалай есептеуді үйрену керек» атауымен 8,9 сынып оқушылары жəне Жезқазған қаласының жас бизнесмені, облыс əкімінің Грантының иегері, New Bite программалау мектебінің басшысы Тілеукен Темірлан Бағдатұлымен ZOOM платформасы арқылы дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны 9 «Б» сынып жетекшісі М.Ш.Абенова ұйымдастырды. Сонымен қатар 9 «А» сыныбында сынып жетекшісі Ғ.С.Сыздықова жоғары аталған тақырыпта офлайн форматында іс-шара өткізді.