Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Кеңгір селосының N2 жалпы білім беретін мектебінде «Қаржы əлемі» атты қаржылық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес «Əңгімелесу, талқылау, фильмдер көру» циклы аясында 2021 жылдың 25 ақпаны күні 10-11 сынып оқушылары қаржы ұйымдарына виртуалды саяхат жасады. Саяхат барысында қаржы ұйымдарының қызметтерімен танысты.









