Мектебімізде Жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» аясында 24 ақпан күні «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың əділдік философиясы» тақырыбында тəрбие сағаттары өтті. Сұлтанмахмұт Торайғыров — қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып жалғастырушы суреткер. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман еткен. Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен еліне қызмет етуге арнаған. Оның сөздері жас ұрпақ үшін бағдар және мәңгілік. Адалдық сағаты 1 наурызға дейін жалғастырылады.