Акция мақсаты: мектепте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп оқушыларының арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын жетілдіру.Акция тамызды 10-нан қыркүйек айының 25-і аралығында аралығында өтті
Акция аясында балалар қауіпсіздігін ұйымдастыру,балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылды. Жиналыс барысында ата-аналарға бала қауіпсіздігі жайлы тың ақпараттар беріліп, бала қауіпсіздігіне байланысты бейнероликтер көрсетілді. 1-4 сыныптарының жетекшілері көшеде жүру қауіпсіздігі, жолда жүру қауіпсіздігі, үйде, сол сияқты бейтаныс адамдармен араласпау туралы қауіпсіздік сабақтарын өткізді.
1-8 сынып оқушылары WhatsApp желісі арқылы ата-аналарымен қосылып, балалар қауіпсіздігі туралы роликтер тамашалады. Әрбір оқушыға көшеде жүру қауіпсіздігі, жолда жүру қауіпсіздігі, үйде, сол сияқты бейтаныс адамдармен араласпау туралы, жедел қызмет номерлері жазылған жадынамалар онлайн таратылды.
Сынып жетекшілері, мектеп медбибісі оқушыларға карантин уақытындағы қауіпсіздік шаралары туралы сынып сағаттары,сонымен қатар ғаламтор желісінде тыйым салынған ақпараттарға, тыйым салынған сайттарға кіруді болдырмау мақсатында 5-11 сыныптармен онлайн режимінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.









