"Кеңгір селосының N2 ЖББМ"КММ - де 2 желтоқсан күні ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс жоспарына сәйкес "Мейірімділік әлемді құтқарады" тақырыбында іс - шара өткізілді.

Іс - шараға "Жезқазған қаласының білім бөлімі" ММ-нен Ш.А.Куанышбекова қатысты. Мектеп психологы А.Б.Сарсенбаева, логопед Ұ.Изатулланың ұйымдастыруымен, ата-аналарға тренинг өткізіп, оқушылармен түрлі ойындар ойнатылды.