Ұлытау облысы «Ардагерлер» кеңесінің мұрындық болуымен, Кеңгір селолық әкімшілігінің қолдауымен және «Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ - нің ұйымдастыруымен «Әкем айтқан өсиет, бабадан қалған қасиет» атты Кеңгір селолық округтік ардагерлер сайысы өткізілді. Бұл іс - шара мектебіміздің «Ұлағат» атты аталар, әжелер мектебі жоспары аясында ұйымдастырылып отыр. Мектебімізде «Үштік одақ – ата - ана, мұғалім, оқушы» үнемі бірігіп жұмыс жасайды.
Сайысымыздың мақсаты - ата, әжелеріміздің қоғамдағы белсенділігін арттыру, бата беру дәстүрін қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі ретінде кейінгі ұрпаққа үлгі ету, халық ауыз әдебиетін насихаттау. Қазыналы қариялардың бойындағы асыл қасиеттерін дәріптеу арқылы жастарды имандылыққа баулу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Сайысқа қатысушы ардагерлеріміз:
- Дайыров Жақыпбек (Кеңгір)
- Айдарбекова Нәзипа (Кеңгір)
- Ажмамбетова Зейнегуль (Кеңгір)
- «Ақ әжелер» тобы (Кеңгір)
- Сырлыбай Рахымбек (Кеңгір)
- Мағзұмов Қадікен (Кеңгір)
- Арыстанбаев Оразбай Садықович (Кеңгір)
- Абишева Әдемі (Кеңгір)
- Ахмет Айтболат (Кеңгір)
Сайыс шарты бойынша әрбір қатысушы ардагерлеріміз өсиет пен бата беру үлгілерін қойылым арқылы көрсетті.Ұлытау облысының ардагерлер кеңесінің мүшелері, Жезқазған қаласының «Ардагерлер» қоғамының төрағасы Қазанбаев Мұрат сайыс соңында сөз сөйлеп, қатысушыларды марапаттады.
Бас жүлдені Ахмет Айтболат, І орынды Дайыров Жақыпбек, ІІ орынды Мағзұмов Қадікен, Сырлыбай Рахымбек, ІІІ орынды «Ақ әжелер» тобы, Айдарбекова Нәзипа, Ажмамбетова Зейнегуль иеленді. «Ауыл батагөйі» номинациясымен Арыстанбаев Оразбай Садықович, «Өсиет жаршысы» номинациясымен Абишева Әдемі марапатталды. Мектебіміздің басшысы Абеева Марал Сламбекқызы іс - шараны қорытындылап, барлығына алғысын, лебізін білдірді. Облыс көлемінде алғаш рет біздің мектебімізде өткізілген іс - шара өте жоғары дәреже атқарылды.
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/820-kem-ajt-an-siet-babadan-al-an-asiet.html#sigFreeIdedd0089c79









