"Оқуға құштар мектеп"жобасы.

Ұлытау облысы Жезқазған қаласының білім бөлімінің ,,Кеңгір селосының N2 ЖББМ" КММ-і кітапханасының ұйымдастыруымен "Ертегілер еліне саяхататты" қойылым мектепалды даярлық, 1-2 бастауыш сыныптар арасында өтті.

Мақсаты:балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету,сахналап беруге талпындыру,кейіпкердің мінез-құлқын сезіндіру.

Іс-шара барысында балалар ертегілер еліне саяхат жасай отырып көңілді күй кешті. Ең үздік қойылымдар және белсенділік танытып қатысқандары үшін сыныптар марапатталды.