Мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары Мектеп Парламенті Жас Ұлан және Жас Қыран ұйымының белсенділері 1 қазан -Қарттар күні қарсаңында ауылымыздың қарияларына барып,өлендерін арнап мерекемен құттықтап қайтты. Қариялар балаларды қуана қарсы алып, өнегелі әңгімелер айтып, баталарын берді. Отбасының берекесі болып отырған даналарымызға амандық, денсаулық тілейміз!









