"Кеңгір селосының N2 ЖББМ" КММ-нің жанындағы "Балапан" шағын орталығы 19 қазан күні "Ғажайып күз" мерекелік іс-шарасын өткізді.Мақсаты:Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету.









