Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің "Кеңгір селосының №2 ЖББМ" КММ -нде 1-қыркүйек - Білім күніне орай "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет"тақырыбында ашық сынып сағаттары өткізілді. Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.
Міндеттері:
- білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;
- білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау;
- отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.









