Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің Кеңгір селосының N2 ЖББМ" КММ-нде "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбында 1-қыркүйек Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Жиынға Ұлытау облысы білім басқармасынан Жұматова Гүлмира Қабашқызы, Жезқазған білім бөлімінің бас маманы Идрисова Сәуле Маденовна, Кеңгір селосының әкімшілік аппаратының бас маманы Дыбысова Дәмелі және мектебіміздің ардагер ұстаздары шақырылды. Ардагер ұстаздарға 1сынып бүлдіршіндері гүл шоқтарын сыйға тартты. Мектеп оқушылары жақсы көңіл- күймен мектепке қадам басты.

Алғашқы қоңырау соғылып, әр сынып сынып сағаттарын өткізді.

Алдағы оқу жылына сәттілік тілей отырып, мектеп мерейі үстем болып, жетістігіміз көп болсын.