"Кеңгір селосы №2 ЖББМ" КММ -нің мектепке дейінгі даярлық топтары мен шағын орталық топтарында 31- қаңтар мен 4-ақпан аралығында жоспарланған "Математика әлемі" атты математикалық сауаттылық апталығы жүргізілді. Апталықтың негізгі мақсаты балалардың математикаға деген танымдық қызығушылығын дамыту. "Математика әлемі" апталығы бойынша берілген такырыптар аясында іс-шаралар өткізілді. "Математика патшалығы", "Санамақ", "Геометриялық фигураларды үйренеміз", "Қызықты математика", "1-ден 10-ға дейін санауды үйренеміз", "Айналамыздағы математика", "Балаларға арналған математика"тақырыптары бойынша жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар "Ойыншықтар дүкені" тақырыбы бойынша сюжеттік ойындар, "Көңілді сандар" тақырыбы бойынша жапсыру жумыстар жүргізілді. Математикалық мультфильмдер көрсетілді."Үйдегі көңіл математика" тақырыбы бойынша ата-аналармен бірге жұмыс жүргізілді Апталықтың соңғы күні жабылу салтанатымен аяқталды. Апталықтың әр күнінде балалар мен ата-аналар іс-шараларға белсене қатысып, қызығушылық танытты.