«Кеңгір селосының № 2ЖББМ» КММ-де «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығының төртінші күнінде жоспарға сай 7-11 сыныптар арасында «Ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаттары өтілді. Сабақ барысында танымдық ойындарды қолдану арқылы оқушыларға сұрақ- жауап, викториналық сұрақтар қойылып, «Сіз білесіз бе?» ойындары жүргізілді. Барлық сынып оқушылары қызығушылық танытып, белсене қатысты.