2022 жылдың 2 ақпан күні «Кеңгір селосының № 2 ЖББМ» КММ- де «Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» апталығы өтуде «Бала жүрек жылуы» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды кешіре білуге үйрету арқылы адамгершілік құндылығы ретіне мән беру.
Міндеттері: кішіпейілділік, кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту, кішіпейілділікке бейім қабілетін дамыту, кішіпейіл кешірімді болуға тәрбиелеу.
Өзін – өзі тану сабағында оқушылар өздерін еркін сезініп, көп әңгімелесуге бір – бірін баулиды.Әңгімелесудің мақсаты, оқушылардың «кешірім сұрау», «кешіре білу», «жақсы сөйлеу» туралы ойларын тыңдап, адам өміріндегі мәнін түсіндіру.









