"Кеңгір селосының N2 ЖББМ"КММ-де гидропоника кабинеті болашағы зор жас ұрпақты ғылыми зерттеу саласына бағыттау бойынша 2019 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Гидропоника зертханасында оқушылар зерттеу жұмысы барысында өсімдіктің құрылысы мен өсу процесінің ерекшелігімен танысып, түрлі жоба жұмыстарын жүргізуде. Мектеп оқушылары өздерінің гидропоника әдісімен өсірген өнімдерін (аскөк, ақжелкен, салат жапырақтары) мектеп асханасына және бөлме өсімдіктерін кабинеттерге таратады. Сонымен қатар өнімдер тірі табиғат бұрышындағы тотықұс ,тасбақаны азықтандыру үшін да пайдаланылады.Гидропоника кабинеттерінде биология пәндерінің мұғалімдерінің жетекшілігімен жаңа жоба жұмыстары жүргізілуде.









