«Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-нің "МАТЕМАТИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА" математикалық сауаттылық апталығы аясында "Мен және менің отбасым" тақырыбында оқушылар ата-анасының математиканы қаншалықты пайдаланатынын және әрбір маманның кәсібіндегі математиканың рөлі өте үлкен екенін дәлелдеді. Ата-аналарымен сұхбаттар жүргізіп, қоршаған ортамыздың бәрі математика тілімен бейнеленгенін түсінді. Дәрігер де, құрылысшы да, көлік жүргізуші мен банк қызметкері болсын, бәрі-бәрі де математиканы қолданады. Оқушылар өздері дайындаған ата-аналарының кәсібіндегі математикалық білімін қаншалықты пайдаланатынын айтып, сыныптастарымен бөлісті. 5-7 сынып оқушылары дайындаған жұмыстарында математиканы ата-аналары мен өздері өмірде қаншалықты пайдаланатынын дәлелдермен келтірді.