«Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-нің "МАТЕМАТИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА" математикалық сауаттылық апталығы аясында "Менің өмірімдегі Математика» математика бойынша шығармашылық жұмыстар байқауына мектебіміздің 8 – 9–сынып оқушылары белсене қатысып, өз қолдарымен математикалық фигураларды жасады. Математика пәнінің мұғалімі Бекмаганбетова Бибіжамал Искаковна «Саусақпен есептеу жолдары» атты жобасымен оқушыларға  санау жолдарын үйретіп, математика пәніне деген қызығушылықтарын арттырды. Сонымен қоса, осы саусақтардың көмегімен тригонометриялық функциялардың мәндерін табуға да болатынын айтып өтті. Менің өмірімдегі Математика» тақырыбында математика пәнінің мұғалімі Сыртанбекова Гүлзия Абдикаримовна жетекшілігімен 9 «Б» сыныбының оқушыларыда шығармашылық жұмыс байқауына белсене араласып, өз жұмыстарымен бөлісті. Сонымен қатар, оқушыларымыз шығармашылық жұмыстарға әр түрлі геометриялық фигуралар жасап, осы апталыққа белсене қатысты. Атап айтсақ, математика пәнінің мұғалімі Асылбекова Ақмаржан Арыстановнаның жетекшілігімен 9 «А» сынып оқушылары Байбатыр Дамир, Лақпай Дария және Мұрат Ақниет өздерінің қолдан жасаған фигураларымен бөлісті. Аталған іс-шарада оқушылар  барлық қолданыста осы математикалық фигуралардың қолданатындығына көз жеткізді.