«Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-нің "МАТЕМАТИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА" математикалық сауаттылық апталығы аясында «Математикасыз өткен бір күн" тақырыбында мектебіміздің 10 – 11 сынып оқушылары эссе жазды. Мектептен бастап математиканың өмірдегі маңызын түсінген адам өзінің ой өрісі мен зеректігін дамытып, мақсатына жету үшін табанды болуға ерік-жігерін тәрбиелей алады. Сондықтан да кәсіпкерге де,мұғалімге де, дәрігерге де, әртіске де, құрылысшыға және суретшіге де және т.б.мамандықтар иелеріне математика қажет. Математиканы өмірмен байланыстыра отырып оқу өздерінің алған білімдерін талдап, түсініп қолдануына мүмкіндік беретінін тағы да көрсете білді.
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/764-matematika-bizdi-ajnalamyzda-matematikaly-sauattyly-aptaly-y-ayasynda-matematikasyz-tken-bir-k-n-ta-yrybynda-mektebimizdi-10-11-synyp-o-ushylary-esse-zhazdy.html#sigFreeIde12ffba223









