«Кеңгір селосының №2 ЖББМ-інде  Зейін жобасы аясында  математикалық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес, 24.01.2022 жылы «МАТЕМАТИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА» атты тақырыпта 1-4 сынып оқушылары арасында   "Математика адам өмірінде", "Сандар күні" және "Сандарды қалай дұрыс қолдану керек?" атты тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың математика пәнінен алған білімдерін тиянақтау, логикалық ойын дамыту. Математиканың адам өміріндегі маңызын анықтау: яғни өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтыны туралы, оны қалай оқып білу керектігі мен математиканың адам өміріне қаншалықты қажет екенін түсіндіру.