2022 жылдың 18 қаңтарынан бастап Қарағанды облысының барлық білім беру ұйымдарында функционалдық сауаттылықты дамыту бағытында апталықтар басталған болатын. «Кеңгір селосының №2 ЖББМ»КММ-де де бұл іс-шара жалғасын тапты. Атап айтсақ, «Біз – бақытты ұрпақпыз!» , «Мен елімнің ертеңімін!», «ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!», «Жаңа ғасыр жастары» атты тәрбие сағаттары, видеороликтер,челлендж және «Жалынды жастар-жарқын болашақ», Ақселеу Сейдімбектің туғанына – 80 жыл толуына орай видеоролик, «Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс», «Жамбыл-менің жай атым, Халық – менің шын атым» тақырыбындағы жұмыстар 1-11 сыныптар аралығында атқарылды. Әр атқарылған іс-шараларға мұғалімдер мен сынып жетекшілер жауапкершілікпен қарады. Оқушылар да әрбір мәселеге талдау жүргізе отырып, аса белсенділік таныта білді.Осыған орай болашағымыздың жарқын, келешегіміздің кемел екеніне тағы бір көз жеткізгендей болдық.
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/760-2022-zhyldy-18-a-tarynan-bastap-ara-andy-oblysyny-barly-bilim-beru-jymdarynda-funktsionaldy-sauattyly-ty-damytu-ba-ytynda-aptaly-tar-bastal-an-bolatyn.html#sigFreeId10eac8f19a









