Мектептің көптеген оқушылары тəтті сыйлықтармен қатар планшет, оқу құралдары, киім кешектер тағы басқа да заттарға ие болды. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Баланың бір қуанғанына не жетсін? Қайырымдылық танытқан жандарға ата-аналар мен балалар алғыстарын білдірді.
"Кеңгір селосының 2 ЖББМ" КММ -нің 2021-2022 оқу жылында алғаш қадам басып, ӘЛІППЕ оқулығын алғаш қолдарына алған бүлдіршіндеріміз, бүгінде араға 4 ай уақыт салып, білім нәрімен сусындап ӘЛІППЕМЕН қоштасты. 1 "А", 1 "Б" сынып оқушылары оқыған білімдерін ортаға салып, өз өнерлерін көрсетті. Оқушыларға АНА ТІЛІ оқулығы тапсырылды. Алдағы уақытта оқушыларға тек сәттілік, озат оқушылар қатарында болады деген сенімдеміз.









