"Кеңгір селосының №2 ЖББМ" КММ-де ерекше жандарды қолдау күніне және Жаңа жылдық мерекеге орай ерекше білімді қажет ететін оқушылармен "Мейірімділік - әлемді құтқарады" атты іс-шара өтті. Мақсаты: ерекше білімді қажет ететін оқушыларды қолдау, әлеуметтенуіне психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, белсенділіктерін арттыру. Іс-шара мектеп директорының м.а. Г.Х.Оразованың құттықтау сөздерімен басталды. Әрі қарай іс-шара мектеп психологі А.Б. Сарсенбаева, логопед Ишанова А.К. және әлеуметтік педагог Жубанова Д.М. ұйымдастырған ойын-тренинг, жаттығулармен өз жалғасын тапты. Іс-шара барысында оқушылар "Мейірімділік" тақырыбына салынған өз суреттері жайлы ой білдірді, балалардың сурет жарысында еңбектенген ерліктері үшін әр қайсысына мектеп ұстаздары атынан шағын ғана сыйлықтар таратылды.