"Кеңгір селосының N2 ЖББМ" КММ-де Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасына 35 жыл қарсаңында мектебіміздің 2 жəне 5 сыныптарының 39 оқушысы "Жас Ұлан", "Жас қыран" ұйымы қатарына қабылданды.Жас Ұлан ұйымының негізгі мақсаты: оқушылардың қоғамдық,әлеуметтік,танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Іс-шараға Жезқазған қаласының "Тілтану" оқу-əдістемелік орталығының оқытушысы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы Ж.З.Мажимова, Ауған соғысының ардагері Т.Ə.Əбілқасымов, Кеңгір селолық клубының меңгерушісі К.Б.Мағзұмов,"Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үйлестірушісі Дана Елтайқызы қатысты.
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/753-zhaskiranyimikamarinakabildandi.html#sigFreeIda1f0515a45









