"Кеңгір селосы №2 ЖББМ" КММ -нің мектепке дейінгі топтарында 9-10 желтоқсан күндері жоспарланған  "Қазақ тілі апталығы"бойынша іс-шаралар жүргізілді. "Түстермен орналастыр" тақырыбы бойынша кіші топ бүлдіршіндерінің жұмыстары жүргізілсе, "Асық ұлттық құндылық"  тақырыбы бойынша даярлық топтары жұмыс жүргізді."Менің Отаным - Қазақстан", "Тәуелсіз елдің бақытты балдырғандары", "Балалар сөйлейді"  тақырыптары да қамтылды. Апталықтың соңғы күні  жабылу салтанатымен  аяқталды. Апталықтың әр күнінде балалар мен ата-аналар іс-шараларға белсене қатысып, қызығушылық танытты.