Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай “Тарихи тұлғалар және олардың тәуелсіздіктің қалыптасуындағы рөлі”атты пікір-сайыс турнирі болып өтті.Мақсаты:тарихтың беттеріне шолу жасай отыра,тарихи тұлғаның еңбегін ескеріп, балалардың бойындағы патриоттық рух,еліне,жеріне деген кіршіксіз сезімге сызат түсірмеу, Алаштың азаматтарын асқақтату болып табылады.Ойын барысында екі жақ та тартысты ойын көрсетті,екі жақ та қарарға қатысты дефиниция (кілт сөздер);status quo(статистикалық мәліметтер);дәлелді аргумент ұсына алды. Ойын өз деңгейінде өтті.
Сонымен бірге, 6-сынып оқушылары арасында "Тәуелсіздікті қалыптастыру мәселелері" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылар Тәуелсіздік сөзіне аннотация жасап, Тәуелсіздіктің бізге оңай жолмен келмегенін, ата-бабаларымыз білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен, қасық қаны қалғанша жан аямай соғысып, ұлан-байтақ жерімізді бізге аманат еткені туралы айтылды. Осы аманатты аялап, бар күшімізбен сақтау керек екенін түсінді.
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/749-tarixitylgalar.html#sigFreeId7f85a6f21d









