Қарағанды облысы білім басқармасының  Жезқазған қаласы білім бөлімінің "Кеңгір селосының №2 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 2021 жылдың 9 желтоқсанында «ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА» атты тарихи сауаттылық апталығының төртінші күні де көптеген қызықты іс-шаралар атқарылды. Солардың бірі, балалардың интеллектуалдық логикасын дамыту, сөзжұмбақтың шығу тарихымен танысу 2-4 сынып оқушылары арасында   "Ақыл гимнастикасы" ойыны   өткізілді. Ойын барысында оқушылар топқа бөлініп,  ребустар мен сөзжұмбақтарды жылдамдықпен жарыса шешті.