"Кеңгір селосы №2 ЖББМ" КММ -нің мектепке дейінгі топтарында 6-желтоқсан мен 13- желтоқсан аралығына жоспарланған  "Қазақ тілі апталығы" 7-8- желтоқсанда өз жалғасын тапты.  "Айналамызды бояймыз" тақырыбы бойынша кіші топ бүлдіршіндерінің жұмыстары жүргізілсе, "Туған тіл апталығы"  тақырыбы бойынша даярлық топтары жұмыс жүргізді."Қазақстан-жүрегімде", "Этно - style" тақырыптары бойынша ата-аналармен онлайн форматта іс-шаралар өткізілді.  Сонымен қатар "Шеберхана", "Қазақша сөйлеп үйренейік", "Кім жылдам және тез" тақырыптары да қамтылды. Апталықтың әр күні балалар мен ата-аналар іс-шараларға белсене қатысып, қызығушылық танытты.