Қарағанды облысы білім басқармасының  Жезқазған қаласы білім бөлімінің "Кеңгір селосының №2 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 2021 жылдың 8 желтоқсанында «ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА» атты тарихи сауаттылық апталығының үшінші күні де көптеген қызықты сабақтар мен танымдық ойындарға толы болды. Бүгінгі күннің құзырында "Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері", «Ертегілер әлемі!» , "Менің өлкемнің тарихы" зияткерлік ойыны ,"Ұлы даланың ұлы ерлері" сынып сағаты, Тарих білгірлері "Тарихты әркім білуге міндетті"байқауы, "Өткеннің ұлы тұлғалары" танымдық ойыны және "Қазақстан -  кеше, бүгін, ертең"дөңгелек үстел болып өтті.