2021 жылдың 8 желтоқсанында "Вейп- денсаулыққа өте қауіпті" атты апталық өткізу барысында мектеп психологы Сарсенбаева А.Б. және әлеуметтік педагог Жубанова Д.М. жоғары сынып оқушыларының ата-аналарымен ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: "Вейп" жайлы анықтама беру, оның адам денсаулығына зияны жайлы түсіндіру.  Жиналыста ата-аналарға елімізде биылғы жылдан бастап " Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодекстің 441 бабы бойынша 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге темекі бұйымдарын оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды тұтынуға тыйым салынғаны жөнінде мәлімет берілді. Сонымен қатар, вейптің құрамы, оған деген тәуелділік, ағзаға әсері, зияны таныстырылып, видеоролик көрсетілді. Жиналыс кері байланыспен аяқталды.