Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің "Кеңгір селосының №2 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 2021 жылдың 7 желтоқсанында «ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА» атты тарихи сауаттылық апталығының екінші күні де жалғасын тапты. Бүгінгі жоспарланған іс-шаралар: «Менің отбасым,мектебім және елімнің тарихы», «Менің елімнің тарихы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері», Тарихи-әдеби викторина «Өз өлкемнің тарихы туралы не білемін?», «Тарихтан ең үздік кроссворд» байқауы, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ақылдылар» викторинасы, «Өткеннің ізімен...» мектеп мұражайына саяхат, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы мен Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған мәнерлеп оқу сайысы, Шығармашылық жұмыстар сайысы, «Қазақстандағы тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңдері», «Менің кәсіби шеберлігім» тақырытары болды. Барлық мұғалімдер жауакершілікпен атсалысты. Бастауыш сынып оқушыларының арасында «Менің отбасым,мектебім және елімнің тарихы»атты сынып сағаттары өтті.
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/739-tarixtolkiindaattitarixi.html#sigFreeId0591d36a63









