"Кеңгір селосының №2 ЖББМ" КММ -нің мектепке дейінгі топтарында 6-желтоқсан мен 10- желтоқсан аралығына жоспарланған "Ана тілім - дана тілім, бақ тілім!" тақырыбында "Қазақ тілі апталығы" басталды. Апталықтың алғашқы күні "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" тақырыбында топтарда апталықтың ашылуы өткізілді. Сонымен қатар "Менің туған жерім - Қазақстан", "Бауырсақ Party" тақырыптары бойынша іс-шаралар өткізілді. Ата-аналармен онлайн формат түрінде де жұмыстар жүргізілді. Ата-аналарға арналған сауалнамалар жіберіліп, толтырылды. Апталықтың алғашқы күні балалар мен ата-аналар іс-шараларға белсене қатысып, қызығушылық танытты.
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/736-anatilimdanatilim.html#sigFreeId87b2ec28e0









