Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-де 2021 жылы 9 қараша күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен 6 -сынып оқушылары арасында С.Мұратбековтың «Жусан исі» шығармасы оқылып,талдау жасалынды. «Жусан исі» шығармасында соғыс жылдарындағы қазақ балаларының ауыр тағдыры баяндалды.Басты кейіпкер Аянның жетімдігін ,көрген қиындығын оқушылар өз бойынан өткізіп,өз ойларымен бөлісті.Бейбітшілік күнде өмір сүріп отырған өздерін бақытты санады.