"Кеңгір селосының N2 ЖББМ" КММ -нің мектепке дейінгі білім беру орталығының тəрбиешілері "ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орай "30 маңызды іс"іс шаралары жоспары аясында қазан айында "Ауылды қайта түлету" тақырыбында бірнеше тəрбие сағаттарын өткізді. Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан салт- дәстүрлерін өскелең ұрпаққа насихаттай отырып, қайта жаңғырту мақсатында ата - аналармен бірлесе онлайн форматында іс- шаралар ұйымдастырылды. Даярлық топтарында және шағын орталық топтарында да балалармен салт- дәстүрлерді насихаттау мақсатында іс-шаралар өткізілді. "Ашамайға отырғызу" сал-дәстүрі, "Диірмен тарту", "Аластау" сонымен қатар ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындар мен қол өнер түрлері насихатталды.
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/698-auyldy-ajta-t-letu.html#sigFreeId2984e61583









