#БАҚЫТТЫБАЛАБАҚЫТТЫЕЛ
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Республикалық акция аясында "Кеңгір селосының N2 ЖББМ "КММ-де мектебімізде 2021 жылдың 2 маусымы күні «Кәсіп ардагері дегеніміз не?» атты 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен онлайн форматта мектебімізде бастауыш сыныптарда ұзақ жылдар бойы сабақ беріп,бірнеше түлек ұшырған ардагер-ұстаз Абдихалихова Бақытгүл Əмзеқызымен кездесу ұйымдастырылды. Сұхбат-кездесу барысында Бақытгүл апай мұғалім өзінің кәсібінің қыр-сырын, қиындығын, қызығы мен қуанышын айтып, мол тәжірибесімен бөлісті. Оқушылар өздерінің қойған сұрақтарын жауап ала алды. Кез келген кәсіпте адам өзіне сенімді, қиындықтан мойымайтын қайратты, қажырлы, төзімді болу керек екендігі айтылды. Оқушылар онлайн кездесуге белсене қатысты. Кездесу соңында ұстазға оқушылар ыстық лебіздерін білдірді .
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/647-k-sip-ardageri-degenimiz-ne.html#sigFreeId7b2a760f51









