Қарағанды облысының білім басқармасы Жезқазған қаласының білім бөлімі "Кеңгір селосының № 2 ЖББМ" КММ -сі Жезқазған қаласындағы тарихи-археологиялық музеймен бірлесіп 18 мамыр- Халықаралық мұражай күніне арнап «Виртуалды музей әлемі» тақырыбында онлайн -саяхат ұйымдастырды.Виртуалдық саяхатқа 6-8 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Халқымыздың мәдени байлығын, мұрасын өскелең ұрпаққа насихаттау, рухани тəрбие беру.

Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің "Кеңгір селосының N2 ЖББМ "КММ-нің 1-11 сынып оқушыларымен "Қазақ даласының патриоты- Қажымұқан балуан" тақырыбында онлайн платформасында тəрбие сағаты өткізіліп, балуан бабамыз туралы бейнефильмдер, мультфильмдер көрсетілді.