15 мамыр- Халықаралық отбасы күні аясында және отбасылық тәрбие бағыты бойынша "Кеңгір селосының N2 ЖББМ" КММ- нің оқушыларының ата-аналарының қатысуымен 2021 жылдың 14 мамырында мектеп психологы Сарсенбаева А.Б. "Бақытты бала- бақытты жанұя" тақырыбында ZOOM платформасында тренинг өткізді. Мақсаты:отбасында мейірімді қарым-қатынас орнату, ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру, ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан-жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу. Іс шара барысында ата аналар өз ойларын ашық айтып, берілген тапсырмаларды орындауда белсенділік танытты.Тренинг соңында бақытты отбасы болудың 10 қағидасымен таныстырылып, психологиялық кеңестер беріліп, кері байланыс орнатылды.
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/611-15-mamyr-khaly-araly-otbasy-k-ni-ayasynda-zh-ne-otbasyly-t-rbie-ba-yty.html#sigFreeId3f49a40a0a









