"Кеңгір селосының №2 ЖББМ"КММ- де 2021 жылдың 11 мамырында 9-11 сыныптың қыз балаларымен мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карамендиева А.Д." Қыз-еркем, қылығымен көркем" тақырыбында жиналыс өткізді. Жиналыстың мақсаты: қыз балаларды әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, шынайылыққа, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу. Жалпы өтілу барысында қыз балаларымыз өз ойларымен бөлісіп, көкейдегі сұрақтарға жауап алып, қазіргі заманауи мәселелердің өзектілігін айтып олардың шешіміне деген көзқарастарын білдірді. Мектеп психологі Сарсенбаева А.Б. қыз балалардың әлеуметтік желілердегі қыз балалардың жағымсыз қылықтары жақсылыққа әкелмейтіні жайлы айтып, қауіпсіздік шараларын сақтаудың түрлерімен және әдебімен таныстырып, қиын немесе кикілжіндік ситуациялардан шығудың жолдары болатыны туралы кеңестер берді.