Республикалық "Оқуға құштар мектеп" жобасының "Поэзия менің жүрегімде " бағыты бойынша Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің "Кеңгір селосының #2ЖББМ"КММ кітапханасы мен қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі пәні мұғалімдері 6-7 сынып оқушылары арасында М.Мақатаевтың "Өмірдастан ",Қ.Аманжоловтың "Дариға сол қыз ",М.Шахановтың !"Эверестке шығу" және орыс сыныбы Н.Островскийдің "Снегурочка "шығармалары желісінде Zoom платформасында мәнерлеп оқу сайысын өткізді.

Шығыс ойшылы Науаи "Кітап-ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына " десе,Абай атамыз "Танымның бар тамашасы - кітапта,оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа"деп насихаттады. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің.