2021 жылдың 17 сәуірінде Қарағанды облысының білім басқармасы Жезқазған қаласының білім бөлімі "Кеңгір селосының № 2 ЖББМ" КММ -нде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2017 жылы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» 44 бабының 9 тармағы негізінде құрылған «Жезқазған қаласының білім бөлімі» ММ-нің 2020 жылдың 2 қарашасындағы № 366-Ж бұйрығы негізінде құрылған Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Отырыста Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары бекітілді. Күн тәртібіндегі мәселелер қарастырылып, алдағы уақытта мектептің дамуына ықпал ету жұмыстары жоспарланды. Мектеп тыныс тіршілігімен таныстырылды.