Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-де 2021 жылдың 12-17 сәуір аралығында «Жаратылыстану – ғылыми сауаттылық және үштілді білім берудің» кіріктірілген апталықты қорытындылау өтті.

Мақсаты: апталықтың жабылуы, қорытындылау, ең белсенді оқушыларды марапаттау.

Апталық барысында зияткерлік сайыстар, тәжірибеге бағытталған тапсырмалар, бейнероликтер, буклеттер, плакаттар, сөзжұмбақтар, постерлер, web-парақшалар байқауы және биология, химия пәндері бойынша олимпиада сонымен қатар суреттер көрмесі өткізілді. Өткізілген іс-шараларда мектеп оқушылары белсенділік танытты. Апталықта өткізілген іс-шаралардан оқушылар үлкен әсер алды. #трехъязычие#наука#неделя#умц#